ISFT институты — Өзбекстандағы ең озық инновациялық оқу орындарының бірі. «РҒТК» КЕАҚ Түркістан филиалында халықаралық ынтымақтастық аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ мен Ташкент қаласындағы «International School of Finance Technology and Science» ЖШҚ ғалымдарының кездесуі өтті. Кездесуге философия, тарих, педагогика және медицина салаларының ғалымдары қатысты.
