Бүгін, яғни 08.05.2026 жылы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Түркістан филиалында «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ Тарих және педагогика факультеті Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының 1302-85 IP тобы студенттерінің қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында студенттер кітапхананың тарихымен, қызметтерімен және ресурстарымен таныстырылды, сондай-ақ қазіргі әлемде ақпаратты меңгерудің қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді.