«Кітапхана – мәдениет пен ғылымның қайнар көзі»: РҒТК Түркістан филиалы мен М. Әуезов атындағы университеттің бірлескен іс-шарасы

2026 жылғы 14 қазанда «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КеАҚ Түркістан филиалы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен бірлесіп, «Кітапхана – мәдениет пен ғылымның қайнар көзі» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара аясында студенттер мен магистранттардың білім алу және ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға бағытталған кітапхананың ақпараттық ресурстары, қызметтері мен мүмкіндіктері таныстырылды.
Мәдени бағдарлама М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасы студенттерінің шығармашылық өнер көрсетуімен толықты.
Кездесу қорытындысы бойынша университет Түркістан филиалына алғыс хат табыстап, студенттер мен магистранттардың кітапхана ресурстары арқылы ғылымға жақындауына және ғылыми қызметке қызығушылығын арттыруға ықпал ететін іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КеАҚ Түркістан филиалы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының докторанты Тоиева Меруерт Есенгельдиевнаға шынайы алғысын білдіреді.